Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Астана теміржол вокзалында «Есіктен есікке дейін» акциясы өткізілді

Астана теміржол вокзалының кассаларында 10500 дана сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық парақшалар мен нұсқамалықтар таратылды. Акцияның мақсаты тұрғындардың арасында құқықтық сауаттылықты көтеру, азаматтардың сыбайлас жемқорлық оқиғаларына  төзімсіздік танытуын уағыздау.

 

«Есіктен есікке дейін» акциясы аясында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ұйымдастырған шарада бұл ақпараттық парақшалар теміржол кассасынан билет алған  әрбір жолаушыға табыс етіледі.

 

Атап өтерлігі, сәуірде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас офисінде Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана департаментінің жедел тобымен кездесу өткізілген болатын.

 

Кездесуге қатысушылар қазақстандық азаматтардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты орнықтыру туралы пікірлерін білдірген болатын. Әрбір қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік пен жариялықты орната отырып қана нәтижеге жетуге болатындығын ұғынуы тиіс.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта