Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Астана халықаралық әуежайына ЭКСПО-2017 промо -стендісі орнатылды

Астана халықаралық әуежайына ЭКСПО-2017 көрмесі туралы ақпараттар қамтылған интерактивтік форматтағы тақырыпта промо- стенд орнатылды. Мұнда көрмеге билет алуға да болады. Келушілер 3D көмегімен ЭКСПО аумағына экскурсиялық саяхат та жасай алады.

 

Сондай-ақ промо- стендіні тұтынушылар әлемдегі танымал цирк Cirque du Soleil қойылымына билет сатып алуға мүмкіндігі бар. Cirque du Soleil әртістері көрмеге арнайы әзірлеген ерекше бағдарламаларын ұсынады. Ғажайып шоу ЭКСПО-ның «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен ұштасады.

 

Сонымен қатар көрмеге  билеттерді халықаралық әуежай терминалының бірінші қабатында орналасқан Қазпошта бөлімшелерінен де алуға болады. 

 

Қазірдің өзінде жолаушылар әуежай әкімшілігіне промо-стенд арқылы көрсетіп жатқан сапалы қызметтері үшін алғыстарын білдіруде. Олар астанадағы ауқымды бағдарламаларға бір жерден билет сатып алудың оңтайлы екендігіне сенімді.

 

Айта кетерлігі, көрмеге апта ішіндегі белгіленген күнге билеттің құны – 4000 теңге болса, демалыс күндеріне -6000 теңге тұрады. Қалаған күнге белгілеп алуға болатын билет құны басқаларынан 2000 теңге қымбат тұрады. Студенттер, оқушылар, зейнеткерлер секілді қазақстандықтар 50 пайыздық  жеңілдікті пайдаланса, соғыс ардагерлері, алты жасқа дейінгі балалар, жетім балалар, барлық топтағы мүгедектердің көрмеге кіруі тегін.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі  

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка