Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Минскіде ТЖСҰ отырысында Қазақстанның теміржол көлігін дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланды



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы вице-президент Арман Сұлтановтың басқаруымен Минскідегі Теміржол серіктестігі ұйымы (ТЖСҰ) теміржолдары Бас директорларының (жауапты өкілдерінің) XXXII Конференциясы отырысына қатысты.

Минскіге ТЖСҰ –на мүше мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің басшылары, өкілдері, ТЖСҰ комитеті, Теміржолшылардың халықаралық одағы (ТЖХО), «Транссібір тасымалдауды Үйлестіру Кеңесі» Халықаралық қауымдастығы (ТТҮК) өкілдері келді.

Отырысқа қатысушылар ТЖСҰ органдарының 2016 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады. Оның ішінде жүк және жолаушылар тасымалы, инфрақұрылымы, жылжымалы құрамы, ақпараттарды кодтау, қаржылық және өзара есептесу, кәсіби мамандарды даярлау жайлары қаралды.

Оның сыртында ТЖСҰ құрамына жаңа мүшелерді тарту, халықаралық тікелей бағдарлар бойынша Халықаралық үкіметаралық конференция барысында қабылданатын Конвенцияның мәтіні қаралды.

ТЖСҰ 2016 жылғы жұмыс органының Бағдарламасы мен жұмыс қорытындысы табысты аяқталды деп аталып өтіліп, есебі қабылданды. ТЖСҰ 2018 жылы және алдағы жылдарға арналған жүк және жолаушылар тасымалы, инфрақұрылымы, жылжымалы құрамы, ақпараттарды кодтау, қаржылық және өзара есептесу, кәсіби мамандарды даярлау жайлары жөніндегі Бағдарламасы бекітілді. Оның сыртында ТЖСҰ мүшелері орындауы міндетті кепілдемелік нұсқаулығы бекітілді. ТЖСҰ теміржол көлігіне Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен серіктестік орнатуда тапсырыс берушілерді тарту жөніндегі үйлестірушілік жұмыстары аталып өтілді.

ТЖСҰ қатарына бірқатар компанияларды тарту туралы шешім қабылданды. Оның ішінде «Бірлескен көлік-логистикалық компания» АҚ («БКЛК» АҚ), «ИНТЕРТРАНС» АҚ (РФ), «SINOTRANS» ААҚ, «Эр Юань» «Қытай инженерлік теміржол компаниясы» ААҚ, «Пекин көлік университеті», «Оңтүстік-Батыс жол қатынасы университеті» (ҚХР) бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті А. Сұлтановтың айтуынша, 2017 жылы Компанияның ТЖСҰ мүшесі болғанына 25 жыл толады. Осы жылдары Қазақстан Еуропа- Азия-Еуропа бағдарында тасымалдаудың түрлі халықаралық келісімдеріне толыққанды қатысушысына айналды. ҚТ теміржол желісі үшін жаңа теміржол дәліздері мен бағдарлары ашылды. Халықаралық бағдарларда теміржол тасымалы көлемі көбейіп, теміржол көлігі саласын тұрақты дамыту аясы кеңейді.

«Отырыс барысында Қазақстанның халықаралық көлік дәлізіне, транзиттік- көлік әлеуетін тиімді пайдалануға, ТЖСҰ қатысушы елдердің бәсекелестігін көтеру ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады»,-дейді А. Сұлтанов.

Минскіде «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясының жетекшісі Қытай, Литва, Иран теміржол әкімшілігі өкілдерімен көлік-логистикалық саласындағы серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде екі жақты кездесулер өткізді.

А. Сұлтанов отырысқа қатысушыларды Астана өткізілетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне және Х Астана экономикалық форумы аясындағы IV халықаралық көлік-логистикалық «New Silk Way» бизнес форумына қатысуға шақырды.

ТЖСҰ Бас директорлары конференциясының кезекті отырысы 2018 жылы сәуірде Вьетнамда өткізіледі.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 



  






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта