Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Астананың жаңа теміржол вокзалы «Нұрлы Жол» деп аталады

 

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрме қарсаңында ТМД елдерінде баламасы жоқ, соңғы жылдары әлемде соңғы үлгідегі жаңадан салынған «Нұрлы Жол» жаңа вокзалы пайдалануға беріледі.

Жоба аясында Астана теміржол телімінің инфрақұрылымын дамыту мен вокзал кешені құрылысын жүргізу жұмыстары атқарылады.

Астана инфрақұрылымын дамыту арқылы жүк және жолаушылар ағынын ұлғайту көзделеді.

Қаланың ішкі теміржол нысандарын дамыту құрылысына алдыңғы қатарлы инновациялық технология пайдаланылады.

Жудан қорғайтын құрылғымен қапталған теміржол эстакадасы қаланың көлігін ағынына кедергі келтірмей, жолаушыларды жаңа теміржол вокзалына жеткізеді.

Жаңа вокзал тәулігіне 35 мың жолаушыны өткізе алады. Ал, қазіргі елордасындағы ескі вокзал арқылы күніне 12 мың жолаушы өтуі тиіс болса, онда іс жүзінде 18 мың жолаушыға дейін кіріп-шығады.

Жаңа возкал жобасын сараптау барысында тартылған Buro Happold (Ұлыбритания), Tabanlioglu Architects (Түркия), Jamas (Германия) халықаралық сарапшылар командасы вокзалды теміржолдың үстіне конкорс арқылы орналастыруды қолдады.

Бұл өз алдына вокзал ғимаратын жасаудағы соңғы тәсіл өзіндік ноу-хау болып табылады. «Вокзал-көпір жағалаудан біртіндеп көтеріліп, кеңістікті тиімді пайдалануды мақсат еткен.

Вокзалдың қаланың іскерлік орталығына жақын орналасуы да өте қолайлы. Ол арқылы қаладағы автокөліктің тығындалуы азаяды.

Вокзал ғимаратының аумағы120 мың шаршы метр. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған такилдік жолдар, Брайл әліпбиімен ақпаратты табло, арнайы касса қызмет көрсетеді.

Негізгі күту залынан бөлек әлемдік талаптарға сай қонақүйлік бөлмелер, қолайлы сақтау қоймалары, ана мен бала бөлмесі, медициналық кеңселер, фудкортттар, мейрамханалар, 1500 орындық ішкі және сыртқы паркингтер қамтылған.

Ғимарат қуат үнемдегіш лифтілермен эскалаторлармен қамтылып, жылу жүйелері қыста ауаны жылытса, жазда салқындатады.

Жаңбыр суын жинап, оны қасбетті жууға пайдаланып, жақын аумақты көгалдандыруға жұмсалады.

Жолаушылардың кезек күтіп қалмауын болдырмау үшін кезекті басқарудың замануи қондырғысы, билетті электронды сату жүйесі, Интернетке шығу мүмкіндігі жасалады.

Жолаушыларды төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында лаңкестік оқиғалардың алдын алудың кешенді мүмкіндігі жасалады. Оның жолаушыларды тексеріп кіргізу құрылғысы, бейнебақылау жүйесі орнатылады. Ғимараттың іші сыртында қозғалыс тәртібі тәулік бойы бақыланады.

Жаңа вокзал ашылған кезде 1300 адам жұмыспен қамтылады.

15 мамырда жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, 1-маусымда вокзал кешені инфрақұрылымының – инженерлік коммуникациялық және пойыз қозғалысын интеллектуальдық басқару жүйесі, жолаушыларға қызмет көрсетуі тестілік сынақтан өткізіледі.

«Нұрлы Жол» вокзалына алғашқы пойыздар 1-маусымнан кіріп, шыға бастайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта