Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Мәскеудегі «ТрансРесей 2017» халықаралық көрмесіне Қазақстанның көлік инфрақұрылымы мүмкіндіктері ұсынылды

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ көлік логистикалық қызмет көрсететін еншілес кәсіпорындары Мәскеудегі «ТрансРесей» 22-ші халықаралық көлік-логистикалық қызметі мен технологиясы көрмесіне қатысуда.

Компания алаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, «KTZ Express» АҚ, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Басқарушы компаниясы, «Khorgos Gateway» ЖШС, «Ақтау халықаралық теңіз порты» ҰК» АҚ, «Ақтау теңізі солтүстік терминалы» ЖШС, «Құрық порты» ЖШС көлік-логистикалық қызметтерін ұсынды.

Көрме аясында компания басшылығы әріптестерімен контейнерлік пойыздарды жаңа бағдарларға арнап жасақтау жайларын да ақылдасты. Оның ішінде Қытайдан, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шығатын жүктерді Ляньюньган портынан Қазақстан аумағы арқылы транзиттік бағдарда Орталық және Батыс Еуропаға зор көңіл бөлініп отыр.

Көрме аясында "KTZ Express" АҚ-ның Қытайдағы өкілдігі мен Xinjiang KTZ International Logistics Co Ltd.» компаниясы финдік «Unytrade Ltd.» компаниясымен көлік-логистикалық саладағы серіктестік орнату жөніндегі Меморандумға қол қойды. Оның ішінде финдік жүк жөнелтушілерге бірлескен логистикалық тізбекті ұсынды.

«Біз Азия-Еуропа бағдарындағы трансқұрлықтық бағдардағы мультимодальдық тасымалдаудың үлесі артып келе жатқандығын назарға алдық. Аталмыш құжат Қазақстан аумағы арқылы транзиттік бағдарға жаңа жүк ағындарын тартудан туындап отыр»,- дейді «KTZ Express» АҚ қытайлық коммерциялық офисінің жетекшісі Т. Темірханов.

Биылғы жылы «ТрансРесей» 22-ші халықаралық көлік-логистикалық қызметі мен технологиясы көрмесіне 27 мемлекеттен 300-ден астам компания қызметтерін ұсынды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка