Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

ҚТЖ-ның жас станция басшылары басқарушылық қабілетін ұштады

Ақмола жол бөлімшесінің 20 жас басқарушылары арнайы біліктілігін көтеру курстарынан өтті.

Олар үш күн ішінде жергілікті жердегі пойыз қозғалысын ұйымдастыру, апатты жағдайларда қиындықтан шығу, техникалық құралдармен комиссиялық тексеруді өткізу шараларындағы іс тәжірибелерге  қанықты. Курсқа негізінен станция басшылары, станция бастықтарының орынбасарлары қатысты.

«Бұрын бұл қызметкерлер станциялардың диспетчерлері болған. Үш күндік курс жаңадан қызметін бастаған бастықтарға қызметін әрі қарай жалғастыру үшін пайдалы.  Дәріс беру барысында теміржол бойындағы қиындықты кездерде тығырықтан шығудың амалдары айтылды»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Ақмола бөлімшесінің техникалық бөлімі бастығының орынбасары Гүлнәр Шинкевич.

Жас басқарушылар еңбек заңының нормаларын, еңбекті қорғау мен өндіріс қауіпсіздігінің құқықтық талаптарын да оқып білді.

«Бұл курс біз үшін білім мен тәжірибенің ұштасқан нағыз оқуы болды. Мен өзім жаңа және өзіме пайдалы көптеген нәрселерді ұғындым. Бұл әрине бізге қызмет барысында қажет болады»,-дейді Пресногорков станциясы бастығының орынбасары Асхат Қалиев.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка