Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Сел қаупі бар жол бойына 300-ден астам теміржолшы тартылған

Ақсу-Дегелең, Ағадыр-Мойынты, Қарағанды- Жарық, Қарағанды-Сұрыптау-Қарағайлы, Жамбыл-Қаратау, Державин –Баранкөл, Алтынсарин- Талдыкөл, Есіл-Құшмұрын теміржол телімдері теміржолшылардың тұрақты бақылауында тұр. Жол бойын бекітуге қой тастар мен жарамсыз шпалдар,  құм толтырылған қапшықтар қолданылды.

 

«Бүгінгі таңда су жиналған өңірлердегі теміржол телімдерінің жағалаулары биіктетіліп, тосқауылдар орнатылды. Өңірдегі теміржолшылар пойыз қозғалысына келген қауіптің алдын алды»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясы Жол және имараттар жөндеу департаментінің менеджері Ардақ Төлеуғалиев.

 

Қазіргі кезде магистральдық желінің Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы  облыстарының аумағында су деңгейінің көтерілу қаупі сақталуда.

 

Барлық қауіпті телімдерде «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлерінің күшімен жергілікті органдармен бірлесе отырып, қауіпті  су көздеріне  тәулік бойғы бақылау орнатылған.

 

Теміржол нысандары мен жасанды ғимараттарындағы мұз және қарғын суларды өткізуге әзірлік барысында 42 су шайып кетуіне қарсы қалпына келтіру пойыздары жасақталды.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка