Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

ҚТЖ зияткерлік меншікті басқару жүйесін жетілдіреді

 

 

13 сәуірде «ҚТЖ» ҰК» АҚ –ында Ғылыми техникалық ақпарат және сараптау орталығының ұйымдастыруымен зияткерлік меншік нысандарын қорғау жөніндегі семинар өткізілді.

Жылма-жыл өткізілетін семинарда ҚР әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК мамандары сөз сөйледі.

Талқылау барысында Компанияның бас инженері Батыр Қотырев зияткерлік меншікті қорғау мен оны жетілдіру барысы туралы баяндады.

Б. Қотыревтің айтуынша «аталмыш бағыт Компанияның имиджін көтеріп, экономикалық қауіпсіздігін сақтаудың басым бағыттарының бірі болып саналады. Компанияның қызмет көрсету саласындағы бәсекелестігін көтеруде де маңызды рол атқарады».

Бас инженердің айтуынша, Компанияда тұрақты түрде ғылыми-техникалық, тәжірибелік конструкторлық қызмет атқарылады. Рационализаторлық және өнертапқыштық қызметтер қолдау тауып, өндіріске замануи технологиялар батыл енгізілуде.

Осыған байланысты Б. Қотырев зияткерлік меншікті жетілдіру мәселелерін ұйымдастыру, құқығын қорғау, ғылыми-техникалық зерттеу қорытындыларын шоғырландыру, материалдық емес игіліктерді жасақтау мәселесіне көңіл аударды.

Оның айтуынша, 2016 жылы авторлық құқыққа ие болған үш меншік куәлігі мемелекеттік тіркеуден өткізілген. Бір рационализаторлық ұсыныс қолдау тапты.

ҚР Әділет министрлігі «ҒИМЖ» РМК арқылы (Атырау-Астана» «Каспий», (Астана-Алматы) «Бәйтерек», (Маңғышлақ- Астана) «Маңғыстау», (Алматы-Шымкент) «Отырар» жолаушылар пойыздарының есімдері мен тауарлық белгілері логотиптерінің куәліктері алынды.

Семинарда зияткерлік меншік түрлеріне қатысты білікті мамандардың тауарлық белгілерді сараптау, өнеркәсіп нысанына меншік құқығын белгілеу, өтінім беру секілді бірқатар жайлар талқыланды.

Семинарда Компаниядағы зияткерлік меншікті басқару жүйесін жақсарту шараларын жетілдіру аталып өтілді. Оның ішінде моральдық және материалдық марапаттау шараларын жүргізу туралы да айтылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта