Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржолшылар мен көлік құрылысы халықаралық кәсіподақ конфедерациясының 5 Конгресі Астанада желтоқсанда өтеді

 

Минскіде Теміржолшылар мен көлік құрылысшылары кәсіподағының халықаралық конфедерациясы (ТККХК) Кеңесінің 51-ші отырысы өткізілді.

Минскіге Қазақстан, Белорусь, Грузия, Қырғызстан, Литва, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Эстония салалық кәсіподақ жетекшілері келді.

Отырыста халықаралық жүк және жолаушыларды тасымалдауға қатысушы елдердің теміржолшыларының еңбегі мен жағдайы, оны ұйымдастырудың кешенді жайлары талқыланды. Бұл мәселелер мамыр- маусым айларында кешенді зерттелмек.

«Қазпрофтранс» ҚҰ жетекшісі О. Ахметбаевтың айтуынша, отырыс барысында ресейлік теміржол кәсіподағымен өзара серіктестікті дамыту тұрғысында Келісімге қол қойылған. Ол Келісім бойынша Қазақстан аумағындағы «РЖД» ААҚ-ның ресейлік теміржолшылар мен Ресей аумағындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қазақстандық теміржолшыларының әлеуметтік-тұрмыстық жайлары қарастырылған.

О. Ахметбаевтың хабарлауынша, ««Қазпрфтранс» ҚҰ ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетімен әуе көлігімен тасымалдау бойынша салалық келісімге қол қойған. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жанынан кәсіподақ ұйымы құрылған. Сонымен қатар Халықаралық көлік қызметкерлері федерациясына кіру үдерісі аяқталған көрінеді».

ТККХК 51-ші отырысында еңбекті қорғау мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылған. Кәсіподақ жетекшілері күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ағымдағы жайлар қатысты жаңа бастамашылықтар, бағдарламалар негізінде өзара тәжірибе алмасты. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық ұсыныстар жинақталып ТККХК Декларациясын әзірлеуге ұсынылды.

Кеңестің келесі отырысы ТККХК бесінші Конгресі Астанада биылғы желтоқсанда өтетін болып келісілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта
Конкурс Детская улыбка