Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржолшылар су тасқыны кезінде магистральдың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шараларын жүргізуде



Бүгінгі таңда елімізде пойыз қозғалысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 400 вагоннан тұратын 40 су тасқынына қарсы қызмет пойызын жасақтады. Барлық теміржол бөлімшелерінде магистральдар мен жасанды имараттардың сақталуына қамтамасыз ету жұмыстары пысықталуда.

«Теміржолдардың маңындағы су тасқыны салдарынан жол төсемдерін шайып кететін тұстар, ойпат жерлер, зақымданған жерлердің топырақ қабаттарына ерекше көңіл бөлінген»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Магистральдық желі дирекциясының Жол және имараттар дирекциясы департаментінің бас инженері Марат Жүнісов.

Оның айтуынша, «Компанияның аймақтардағы бөлімшелерінде тасқынға қарсы шаралар аясында қой тастар, рельс топтамасы, темірбетон шпалдары секілді қосалқы бөлшектер жинағы жасақталды. Көлік құралдарының жанар және жағар майлар қоры жасақталды».

Қар жалдары құлауы мүмкін тұстарға және мұзды жаруға бұрғылау жұмыстарына қажетті 4 мың килограмм жарылғыш заттар әзірленді.

Қазіргі таңда теміржол бойларын қардан тазалау жұмыстары аяқталып қалды. Наурыздың басынан бері 11,5 мың шақырым теміржол қардан аршылды. Қар тазалау техникалары магистральдық желі бойына 280 рет шығып, 190 мың текше метр қарды сыртқа шығарды. Теміржол кәсіпорындарындағы 30 мыңнан астам жол жөндеушілері тәулік бойы кезекшілік етеді. Жергілікті органдардың басшыларымен бірге су қоймалары мен ауыл шаруашылығы су тоспалары тұрақты бақылауда ұсталынады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта