Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Денсаулық» поезы жылдың әлеуметтік жауапкершілігі үздік жобасы атанды

«Денсаулық» медициналық поезы Қазақстан Республикасы « Қазақстанның жыл таңдауы - №1» Ұлттық сыйлығы аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп жасақтаған «Денсаулық» емдеу-сауықтыруға арналған медициналық поезы Қазақстан республикасы жұртшылығы арасында жүргізілген әлеуметтік сұрау салу нәтижесінде өз аталымы бойынша үздік деп танылды. Жергілікті тұрғындардың пікірімен санаса келіп және өздерінің де сараптау қорытындысын жариялаған әділқазылар мүшелері бір тоқтамға келді.

«Қазақстанның жыл таңдауы - №1» Ұлттық сыйлығымен марапаттау дәстүрлі шарасы Алматыда өткізілді. Жеңімпазға құрметті медалімен статуэтка «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице президенті Асхат Акчуринге табыс етілді.

Биылғы жылдың жазы мен күзінде «Денсаулық» поезы екі мәрте республиканың шалғай станциялары мен жол айырығында тұратын, емдеу сауықтыру шараларынан тыс қалған теміржолшыларға медициналық көмек көрсету мақсатында ұзақ мерзімді сапарда болып қайтты.

Бастапқы бағдарда Қарағанды, Защита, Семей, Павлодар жол бөлімшелерінің 34 станциясын қамтыды. Іс сапар барысында 13979 адам дәрігерге қаралса, 284 тұрғынға оташылық қызметі көрсетілді. Екінші бағдарында Ақмола, Қостанай жол бөлімшелерінің 23 станциясын қамтып, 9304 адамды қарады. 157 адамға оташылық қызмет көрсетті. «Денсаулық» поезы екі мәрте іс сапарында республика орталықтарынан шалғай орналасқан 57 станциясының тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетті.

Алматы вагон жөндеу зауытында қайта жабдықталған поез вагонындары облыстық деңгейдегі емханалармен сәйкес келетіндей дәрежедегі медициналық құралдармен қамтылғанды.

Таяу арада «Жәрдем» емдеу-сауықтыру поезы Оңтүстік және Батыс өңірге қарай сапарға шығуға дайындалуда.

Қазіргі кезде «Денсаулық» поезы техникалық сараптаудан өткізіліп, қысқы маусымға сәйкес жабдықталуда.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта