Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымалдауды басқару орталығының қызметкерлерін жұмыс орнында құттықтады



Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Тасымалдауды автоматтандырылған басқару орталығы (ТАБО) қызметкерлерін қызмет орнына келіп, құттықтады.

Қ. Алпысбаев Қазақстан теміржолындағы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне және олардың үзіліссіз қатынауына диспетчерлердің қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

«Сіздерде өте ауыр әрі жауапты қызмет. Бұған кей еркектердің өзі де төзе бермейді. Сіздердің отбасыларыңыз, бала-шағаларыңыз бола тұрса да, бүгінгідей мерекені кезекшілікте қарсы алып отырсыздар. Біз Сіздермен мақтанамыз»,-дей келіп Компания басшысы Қ. Алпысбаев диспетчерлерге гүл шоқтарын табыс етті.

Мұндағы диспетчерлердің қызметі шынында оңай емес. Олар он екі сағат бойы тапжылмай, тасымалдау үдерісінің әр минутын кірпік қақпай қадағалап отырады. Бұл аса жауапкершілігі мол қызметті атқару үшін диспетчердің жылжымалы құрам қозғалысын басқаруда тәжірибесі мол болуы тиіс.

Мұндағы ауысым бастығы Бәтима Мырзахметованың теміржол саласында қызмет еткеніне табаны күректей 35 жыл болыпты, Ол қызметін Қандыағаш станциясында парк кезекшілігінен бастаған екен. Одан кейін қызмет баспалдағымен көтеріліп, станция кезекшісі, жол диспетчері басқыштарынан өткен.

«Біз пойыз қозғалысын ұйымдастырушы болғандықтан, қашанда жедел шешім қабылдауға әзір болуымыз керек. Әрине, жұмыс аса жауапты әрі қиын. Мен өзім таңдаған қызмет болғандықтан ұнайды. Теміржол өз үйімдей болып кетті»,-дейді Бәтима Мырзахметова.

Бәтиманың қасында өз ісінің нағыз шеберлері Әлия Ахметова, Елена Цветкова сынды әріптестері бар.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта