Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы теміржолшы аруларды 8-наурыз мерекесімен құттықтады

Сіздерді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқармасы атынан көктемнің алғашқы айрықша  8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер, бұл күнді Сіздерге арналған ерекше жан жылуымен, шуақты да мейірімді көңілмен атап өтеміз. 

Сіздер көлік саласының барлық қызмет түрлеріне, барша жаңалықтар мен жаңғыртуларға белсенді қатысып келесіздер. «ҚТЖ» ҰК» АҚ экономиканың қиындықты тұсында тұрақты да тиімді дамуға бет алса, бұған Сіздердің қосқан үлестеріңіз сүбелі.

Компанияда қырық мыңнан астам әйелдер қызмет етеді. Ол еңбеккерлердің жалпы көлемінің 25 пайызын құрайды.  Түрлі өндіріс салаларында 22 мың қыз-келіншектер еңбек етсе, әкімшілік –басқару құрылымында 14 мыңға жуық мамандар бар.

Талантты да талапты 30-дан астам әйел саланың ең жоғарғы дәрежесі «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері атанса, 500-ден астамы «Адал еңбегі үшін» салалық кеуде белгісімен марапатталғандар.

Сіздерді кәсіби мамандықтарыңызды жетік меңгеріп,  таусылмас күш қуаттарыңызды Компанияның серпінді дамуына арнап жатқандарыңызға алғысымды білдіремін.

Сіздерге және туыстарыңызға зор денсаулық, бақыт,  шуақты да шат-шадыман күндерді тілеймін!

    

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті

Қ. Қ.  Алпысбаев    

   






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта