Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Алматыда қазақстан-қытай теміржолшылары биыл жүк көлемін арттыруға уағдаласты

 

Достық – Алашаңқай мен Алтынкөл –Қорғас қазақстан-қытай теміржол өткелдері арқылы биылғы жылы транзиттік және экспорт-импорттық жүк көлемін 33% өсіру жоспарланып отыр. Биылғы жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк айналымы 10 млн. 990 мың тоннаға жеткізілмек. Оның ішінде қазақстандық экспорт 5,59 млн. тонна болса, Қытайдан келетін импорт және транзиттік жүк көлемін 5,4 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Өткен жылы екі ел арасындағы жүк айналымы 8,3 млн. тоннаны құрады. Оның ішінде экспортқа 4,7 млн. тонна жүк шығарылса, импорт және транзиттік тасымал көлемі - 3,6 млн. тоннаға жеткізілді.

Бұл мәселе ақпанның 27 мен наурыздың3-і аралығындағы Темір жол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) аясындағы ҚР мен ҚХР темір жолдарының кіші топтарының отырысында қаралды.

 ТЖЫҰ кеңесіне қатысушылар 2016 жылғы тасымал көлемінің орындалу қорытындысын жасап, 2017 жылы тасымалданатын жүк көлемін әрбір шекаралық өткелдер мен жүктердің түріне қарай тоқсандық жоспарларға енгізіп, өзара келісті. Мұның сыртында теміржол әкімшіліктері 2017 жылы орындалатын жүк тасымалдау көлемін келісу жұмыстарын, техникалық және ұйымдастыру шараларын белгіледі.

ТЖЫҰ жүк тасымалы комиссиясының төрағасы З. Аспаева ТЖЫҰ құрамына кіретін теміржол әкімшіліктерінің барлық экспорттық-импорттық, транзиттік жүктерін тасымалдау көлемін келісіп алуды маңызы зор екендігін атап өтті.

Алматыдағы кеңес отырысына Қазақстан, Вьетнам, Қытай, Монғолия, Ресей, КХДР теміржол әкімшіліктерінің және сыртқы қатынас ұйымдарының өкілдері қатысты.

ТЖЫҰ кезекті отырысы 2018 жылы наурызда Пхеньянда өткізілетін болады.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта