Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

ҚТЖ Директорлар Кеңесі даму Бағдарламасын бекітті

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ында желтоқсанның 7-сінде Директорлар Кеңесінің отырысы өткізіліп, онда компанияны дамытудың 2011-2015 жылдарға дейінгі Жоспары бекітілді.

Даму жоспары бойынша ҚТЖ-ның өндірістік қаржылық көрсеткіштері жылма жыл өсіп келе жатқандығы байқалады.

2015 жылы 2010 жылмен салыстырғанда жүк айналымы 11,1 пайызға, жолаушы айналымы 26 пайызға өсірілмек.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2011-2015 жылдарға арналған өндірістік бағдарламасы республиканың дамуға қатысты мемлекеттік құжаттары негізінде жасалды.

2011-2015 жылдар аралығында салаға инвестиция ретінде -1362 млрд. теңге тарту көзделіп отыр. Ол қаржы «Қорғас-Жетіген», «Өзен - Түркменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желілерінің құрылысы, «Тальго» жолаушылар вагонын құрастыру зауыты, «Эволюшн» сериясындағы магистралдық 245 тепловоз, 234 локомотивті жаңғырту, 24242 жүк вагонын сатып алу, 768 жолаушылар вагоны мен электрпойыздарын сатып алу, 4179 шақырымдық жолды күрделі жөндеуден өткізу шараларына жұмсалады.

«Қазақстан темір жолы» компаниясында импорт алмастыру бағдарламасы да жоспарлы жүргізілуде. 2010 жылы сатып алудағы қазақстандық өнім өндірушілер үлесін 80 пайызға жеткізу, ал 2015 жылы компанияда отандық кәсіпорындардың үлесін 95 пайызға дейін өсіру көзделеді.

Бағдарлама бойынша ҚТЖ-да отандық өнім өндірушілердің темір жолдағы үлесі 30 есеге өсіріліп, 300 млрд. теңгеге жеткізілмек. Темір жол саласын отандық жылжымалы құраммен жабдықтау, темір жол машинасын жасау өндірісін игеру 50 пайыздан 90 пайызға дейін өсірілетін болады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2009-2013 жылдары Бағдарлама негізінде темір жол өнімдерін шығаруға отандық өнеркәсіп орындары 12 ірі жобаға атсалысады.

Темір жолдың даму бағдарламасы ел экономикасы мен тұрғындардың темір жол көлігі арқылы жолаушы және жүк тасымалына сұранысына орай жасақталған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта