Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Қорғас» ХШСО кедендік төлемақыдан босатылған тауарларды алып өту үдерісін ықшамдатты

Биылғы жылғы 14 ақпаннан бастап «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестігі орталығы (ХШСО) кедендік төлемақыдан босатылған тауарларды алып өту үдерісін ықшамдады.

ҚР Қаржы министрінің Кеден Одағы аясындағы шекаралар арқылы өтетін жеке тұлғалардың өзі тұтынатын бірқатар тауарлары туралы бұйрығы негізінде күшіне енгізілді.

«Қорғас» ХШСО» АҚ халықаралық серіктестік және инвестиция басқармасының бастығы Құрбанджан Ахметовтің айтуынша, «бұрын жеке тұлғалардың қолданатын заттары, киімдері, төсек-орындары құралдары және басқа да заттарын екеуден артық мөлшерде алып жүретін болса, қазір ол едәуір ықшамдалды».

Бұл арқылы «Қорғас» ХШСО-на келушілер мен тауар алып өтушілер айына бір рет ойын жүзеге асырады.

«Кез-келген қонақ «Қорғас» ХШСО аумағына қанша рет келуіне шектеу жоқ. Қажет болса, Орталық аумағында бір ай жатуына да мүмкіндігі бар. Бірақ, тауарды баж салығынсыз алып өтудің тиісті дүркінділік тәртібін сақтауы тиіс»,- деп түсіндіреді Құрбанджан Ахметов.

Айына дүркінділігі бір реттік нормадан асқан, салмағы 50 килограмнан және бағасы 1500 еуродан асатын заттарға, әр килограмы үшін 4 еуродан төмен емес көлемде, тауардың кедендік құнына байланысты 30 пайыздық мөлшердегі бірыңғай төлемақы белгіленеді.

«Қорғас» ХШСО баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта