Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

ҚТЖ басқару саласына кадр қорын жасақтауда

Компанияның басқару саласындағы кадрлық қорында тіркелген алпыс еңбеккер біліктілік көтерудің оқу курсынан өткізілді. Болашақ басшылар басқарудың, оның ішінде, жоспарлау, қарамағындағылардың атқарушылық тәртібі деңгейін көтеру, жетекшілік міндетін дамыту, еңбеккерлердің сеніміне кіру секілді маңызды бөлігін меңгерді. Бастысы, Компанияның құндылықтарын сақтай отырып, оның корпоративтік тәртібіне бағынып, кез-келген жағдайда бәсекелестікке сай іскерлік әрекет етуге мән беріледі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы  – Теміржол көлігі персоналын дамыту мен бағалау орталығының» директоры М. Марасиловтың айтуынша, «болашақ басшыларды даярлаудың маңыздылығы сонда, оларды қазірдің өзінен өндірістегі жаңа инновациялық технологиялармен жаңғыртылған жағдайда басқаруды жүзеге асыруға бейімдеу болып табылады».

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Компанияның кадр саясаты аясында әлеуметтік міндеттемелерін тұрақты орындап, кадр қорын жасақтауды үзіліссіз атқарып келеді.

2017 жылға арналған еңбеккерлердің біліктілігін көтеру жоспарына сәйкес, өндірісшілер көлік-логистикалық холдинг қызметіне қатысты барлық салада оқытылатын болады.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта