Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

А. Мамин «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ –да  ҚР Премьер министрінің Бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Директорлар кеңесінің  отырысы өткізілді.

Отырыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2017-2021 жылдары даму Жоспары бекітілді.

2016 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның таза табысы 28 млрд. теңгені құрады. Компанияның тасымалдау басқа да түрлі қызмет көрсету кірісі 2016 жылы 90 млрд. теңге болды.

Компанияның 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарында биылғы, 2017 жылы таза табысты 29 млрд. теңгеге жеткізу көзделді. Компанияның тасымалдау басқа да түрлі қызмет көрсету кірісін 2017 жылы 127 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланды.

2017 жылы компанияның жалпы жүк айналымын 188,7 млрд. тонна-шақырымға жеткізу жоспарланып отыр.

2016 жылы жолаушылар айналымы 18057 млн. жолаушы-км құрады. 2017 жылы жаңа бағдарлардың іске қосылуына орай, оның ішінде ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында жолаушылар айналымы бұрынғыдан арта түседі деп күтілуде.

2017 жылы ҚХР-ЕО елдеріне транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемі 230 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) құрап, 2016 жылғы көрсеткіштен 2,2 есеге артатын болады.

Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің отырысында:

  • Бизнесті трансформациялау бағдарламасының ағымдағы жайы қаралып, компанияның 2017 жылғы Жол картасы бекітілді.
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ Дара акционерінің 2017-2021 жылдары күтетін шараларын жүзеге асыру жоспары құжаттарын бекітті.

Сонымен қатар, Директорлары кеңесі комитетінің, Ішкі аудиторлық қызметінің және компанияның құрылымдық бөлімшелерінің 2016 жылғы атқарған жұмыс қорытындылары тыңдалды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 

 





Оценка дизайна web-сайта