Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Тегеранда Қазақстан-Түркменстан – Иран теміржол дәлізінің мүмкіндігі талқыланды

6-ақпанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Тегерандағы Теміржол әкімшіліктері экономикалық серіктестігі ұйымының кеңесіне қатысты.

 

 Кеңесте «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Арман Сұлтанов баяндама жасады.

 

Оның айтуынша, Қазақстан, Түркменстан, Иранды жалғап жатқан жаңа теміржол желісінің Орта Азия мен Таяу Шығыс үшін маңызы зор екендігін атап өтті. Солтүстік-Оңтүстік теміржол дәлізі Қытай, Ресей, Азия Тынық мұхиты аймағынан Парсы шығанағы елдеріне жүк ағынын өткізудің ең қолайлы жолы болып табылады.

 

А. Сұлтановтың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңа теміржол желісінің жүк ағынын көптеп тарту үшін «Шаттл» жүйесіндегі жүк пойыздарын жасақтады. Ол арқылы осы бағдардағы жүктерді Қазақстан аумағы арқылы жеткізу мерзімі 10-11 күннен 3,5-4 тәулікке дейін төмендетілді. Сонымен қатар жаңа Жезқазған- Бейнеу теміржол желісі арқылы жүк тасымалын ұйымдастыруға ықпал етті.

 

А. Сұлтанов Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін жаңғырту, көлік –логистикалық қызметін дамыту, халықаралық көлік дәлізіне ықпалдасуы туралы баяндады.

Қазіргі таңда Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай бірлескен терминалы, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА –ында орналасқан Орта Азиядағы ең ірі Құрғақ порты, Каспий жағалауындағы порттар еліміздегі маңызды логистикалық орталықтары болып саналады.

 

«Қазіргі кезде ирандық серіктестерімізбен бірлесіп, Иран аумағында Бендер- Аббас портының әрі Инчебурун станциясында әлеуетін пайдаланып, терминалдар жасақтауды қолға алдық»,-деп атап өтті А. Сұлтанов.

Қазақстан- Түркменстан- Иран көлік дәлізін дамыту жөніндегі басқарушы комитет құру «Солтүстік- Оңтүстік» жаңа трансқұрлықтық бағдардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, Орталық Азия мен  Таяу Шығыс елдерінің транзиттік әлеуетін күшейтуге қызмет ететін болады.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 





Оценка дизайна web-сайта