Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қазақстан мен Иран бірлескен логистикалық инфрақұрылым жасау үшін бірлескен кәсіпорын құрады

6-ақпанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Иранда болған сапарында «KTZ Express» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) пен «Islamic Republic of Iran Shipping Lines (IRISL)» компаниясы арасында Қазақстанның Ирандағы Төтенше және өкілетті елшісі Б. Әміреевтің қатысуымен бірлескен кәсіпорын құрудың маңыздылығына орай құрылтайшылық келісімді толықтырды.

Айта кетерлігі, 2016 жылы 22 желтоқсанда Иран Ислам Республикасының президенті Х. Руханидің Қазақстанға сапары барысында «KTZ Express» АҚ мен Иранның IRISL компаниясы арасында бірлескен кәсіпорын құруы жөніндегі құрылтайшылық келісімге қол қойылған болатын.

Бірлескен кәсіпорынды 2017 жылғы наурызда іске қосу жоспарланып отыр. Бастапқы кезде көліктік-логистикалық қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, Бендер-Аббас портында бірлескен терминал құрылысы биылғы жылдың төртінші тоқсанында басталмақ.

Қолайлы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту Иран мен Қазақстан арасындағы көліктік- логистикалық қызмет тиімділігін көтеріп қана қоймайды, ТМД елдері, Каспий теңізі порттарының және басқа да маңызды бағдарлардың бірге дамуына ықпал етеді. Бендер- Аббас портында инфрақұрылым жасақтау Парсы шығанағы елдері мен Индия және Африка порттарына жол ашады.

Болашақта Инчебурун станциясы мен Ақтау портында терминальдық әлеуетін дамыта түсу көзделіп отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі  

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта