Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

ЖАДЫНАМА

                                

Құрметті жолаушылар мен келушілер!



Теміржол вокзалдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің 16.10. 2014 жылғы №1102 қаулысына сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ көлік инфрақұрылымы нысандарына кірген жолаушылар мен жеке тұлғаларды, олардың заттарын, қол жүктерін және багажды тексеру жүргізеді.

Тек вокзалға кірген тұлғалар ғана тексеріледі. Вокзалға кірмей пойызды қарсы алушылар мен перронға шығушыларға шектеу жоқ.

Тексеру өткізу тәртібі лаңкестік қауіп түрі деңгейіне сай өткізіледі.

Лаңкестік қауіп болмаған мезгілде немесе қалыпты («сары») лаңкестік қауіп деңгейінде жолаушылар мен олардың қол жүктеріне тексеру ішінара жүргізіледі.

Жоғары деңгейдегі («қызғылт сары») және қиындықты («қызыл») деңгейі жарияланған кезде, жолаушылар мен нысанға кірушілер, олардың қол жүктері, багаж барлығы түгел тексеріледі.

Вокзал ғимаратына кіру кезінде тексеруден өту тәртібі мен нұсқамалығы:

  1. Көлік инфрақұрылымына алып кіруге болмайтын заттар мен құралдардың тізімімен алдын ала таныс болыңыз. (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі №817 қаулысымен бекітілген).
  2. Металл іздеу құрылғысынан өткенше, металл бұйымды қалтаңыздан сөмкеңізге салып қойыңыз.
  3. Багаж салмағы, қол жүгін қоса алғанда, стационарлық металл детекторымен тексеруден өткізіледі.
  4. Көлік инфрақұрылымына алып кіруге болмайтын заттар мен бұйымдары анықталған жағдайда, вокзалға кіруші мен жолаушының бұйымдары, қол жүгі, багажы бөлек тексеріледі.
  5. Көлік инфрақұрылымына алып кіруге болмайтын заттар мен бұйымдарды бөлек тексеруді жолаушымен бір жынысты тұлға арнайы бөлмеде жүзеге асырады.
  6. Тексеру кезінде қауіп туғызатын (қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар) заттар мен бұйымдар табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оны алу және құжаттау, шешім қабылдау мақсатында арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылады.
  7. Тексеруден бас тартқан тұлға көлік инфрақұрылымы нысанына кіргізілмейді. Ол туралы акт толтырылады.

 

Сіздерден теміржол әкімшілігі мен тексеру қызметі өкілдерінің жұмысына түсіністікпен қарап, көмектесулеріңізді сұраймыз.

 





Оценка дизайна web-сайта