Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Жаңа жылдық мерекелер кезінде жарты миллионнан астам жолаушы қазақстандық теміржол арқылы тасымалданды

Биылғы жылдың қаңтарынан бастап ауа-райының күрт нашарлауына, яғни көктайғақ, бұрқасын желге байланысты бірнеше жоларналарда қозғалыстың тоқталуына соқты. Астана-Көкшетау, Астана-Қарағанды жоларналары жабылды. Қар тұтқынында жүздеген адам қалды.

 

Ауа-райының экстремальды жағдайында адамдарды жеткізуді пойыздар қамтамасыз етті. Электричкаға деген сұраныс өсті. Жолаушылардың арасында балалар, әйелдер, сонымен қатар қарт адамдардың саны аз болмады.

 

Еселеп жауған қар мен қатты желге қарамастан, теміржол қызметі бірқалыпты жұмыс істеді. Биылғы жылдың 4 қаңтарында «Көкшетау-Ерейментау» электропойызымен 300-ден астам, оның 82 -Көкшетау, 91 - Бурабай, 52 – Макинка, 24 – Ақкөл, 61 – басқа да станциялардан жеткізілді. Қарағанды-Астана бағытымен 100 деген адам жеткізілді.

 

Мереке қарсаңында және мереке күндері жарты миллионнан астам адам, оның 100 мың Астанадан тасымалданды.

 

Пойыздардың толассыз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қосымша 6 пойыз қосылып, 500-ден астам жолаушы пойыздарға қосымша вагондар тіркелді. Қазіргі уақытта тек қана солтүстік аймақта 1 тәулікте 70-80 қосымша вагондар пойыздарға тіркеліп жатыр.  

 

2016 жыл ішінде теміржол көлігімен 20 млн жолаушы тасымалданды.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта