Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Жаңа жылдың бірінші күні Астана қаласының теміржол вокзалының медицина бөлімшесінде сәби дүниеге келді

Жаңа жылдың бірінші күні «Қазастан темір жолы» ҰҚ» АҚ қызметкерлері сәбидің дүниеге келуіне көмектесті. 

1 қаңтарда Қостанай-Алматы бағытымен жүріп келе жаткан пойыз Астана станциясында тоқтап тұрған еді. Көп үзамай теміржол вокзалының медицина бөлімшесіне босанайын деп жатқан келіншек жеткізілді.
 
Арайлым Асқарбекова күйеуімен және екіжасар баласымен Қостанайдан Тараздағы туысқандарына жол тартып келе жатқан еді. Пойыздың жолсерігі Виталий Кайгородов оның дімкәстігін көріп, тез арада пойыз басшысы Айнаш Қусаинова мен Астана станциясының теміржол вокзал басшысының кезекші көмекшісіне Оксана Джигаринаға хабарлады.
 
Ойлануға уақыт болмай, жедел түрде пойыз жолсеріктері келіншекті вагоннан зембіл көмегімен теміржол вокзалының медицина бөлімшесінің кезекші медбикесіне Гульляззат Артықбаеваға жеткізді.
 
Сағат 11.00-де кішкентай сәби дүниеге келді. Жетіп келген жедел жәрдем бригадасы барлық қажетті медициналық көмек көрсетті.
Астана станциясының теміржол вокзал басшысының кезекші көмекшісі Оксана Джигарина ауруханаға жеткенше дейін сәбиді қолда ұстап келді.
«Бұл сәби маған өзімдікіндей жаныма жақын. Сол кезде мен тек қана сәбидің аманшылығы туралы ойладым. Жаңа жылда жаңа туылған сәбиді қолда ұстау жаксы ырым дейді екен» -деп  Оксана Джигарина айта кетті.
 
Сәби мен оның анасы аман-есен перинаталдік орталыққа жеткізілді.
 
«Сапарамыздың алдында өзімді жақсы сезінген едім. Барлығы маған үлкен ілтипаттылықпен қарады. Пойыз басшысына, медбикеге, жолсеріктерге, жедел жәрдем бригадасына, баламның аман-сау туылуына көмектескен адамдарға алғысым шексіз. Ұлымыздың атын Әбдірахман деп қойдық» - Арайлым Асқарбекова қуанышымен бөлісті.
 
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ жолаушыларға жоғары деңгей қызмет көрсетуге, қызметкерлерді кәсіпқойлық тұрғыдан өсуіне үлкен көңіл бөледі.  Арнайы құрылған білім орталығында пойыз бригадаларымен кәсіпқой мамандар жұмыс істейді. Бұл жерде теміржолшылар тілдесу әдептілігімен, қызмет көрсету стандарттарымен, жоспарланбаған кездейсоқ оқиғалардын алдын алу,  алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйренеді.
 
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
 



 





Оценка дизайна web-сайта