Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

ҚТЖ өнертапқыштары - пайдалы ұсыныстар

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің байқауында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы еңбеккерлерінің үш өнертапқыштық жобасы үздік деп танылды.

Өкілетті мемлекеттік орган мен «Хабар» телеарнасы бірлесіп өткізген өнертапқыштардың республикалық байқауына 79 тапсырыс түскен болатын. Олардың қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері, басқа да ұлттық компаниялардың, ірі кәсіпорындардың және өнеркәсіп бірлестіктерінің өнертапқыштары бағын сынады.

Байқаудың соңғы турына 10 тапсырыс іріктелді. ҚТЖ тарапынан түскен тоғыз жобаның ішінде соңғы турға үш жоба жіберілді.

Бірінші жобаның авторлары - Көкшетау электрмен қамту дистанциясындағы бөлім бастығы Р. Ахметжанов пен электромонтер П. Виноградов. Бұлар токты қосу кезінде қосу -ажырату құрылғысының істен шыққан кезінде оны барынша кедергісіз және қауіпсіз түрде автоматты және қолмен қосудың қорғау сұлбасын жасап шығарған.

Екінші жобаның авторлары - ПЧ-38 серебрянкалық басқарма бастығы Б. Жүнісов, басқарма бастығының орынбасары Ю. Жупинский. Олар Серебрянск жол дистанциясысында қар көшкіндері мен жарлы-құзды жерлердегі қиыршық тастардың сырғуын бақылау тексеру құрылғысын жасаған.

Үшінші жоба - Астана жол дистанциясындағы «АСЭ-1 автомотриске қойылатын ЛДМ-1 жедел ақаутапқыш зертханасы». Оның авторлары - Ж. Әлжанов, Н. Есбатыров, А. Смирнин, Б. Сайфутдинов, О. Поспелов.

Теміржолшылардың барлық өнертапқыштық идеялары «Хабар» арнасы арқылы «Perpetuum mobile» арнайы бағдарламасында көрсетілетін болады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта