Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Ржев қаласында ескерткіш ашылады

Алматыдан даңқты Ржев қаласына Жеңіс поезы аттанып кетті. Жеңіс поезы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, олардың туыстары мен туғандарын, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдерін 1942-1943 жылдары Ржев- Вязем майдан даласындағы соғысқа қатысқан жауынгерлердің даңқы құрметіне орнатылатын ескерткіштің ашылуына жеткізеді.

Қазақстан Республикасы президенті Н.Назарбаевтың бастамашылығымен 1941 жылы Алматы мен Ақтөбе қалаларында қазақстандықтардың қатысуымен жасақталған 100- ші және 101-ші атқыштар бригадаларының жауынгерлеріне арналып Ржев қаласында ескерткіш ашылады. Бұл мерекелік шараға Қазақстан мен Ресейдің фашизмді талқандауға бір майданда тізе қоса ұрысқан екі елдің соғыс ардагерлері қатысады.

Поезд бағдары Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі Кеңесі дирекциясының «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Ресей темір жолдары» ЖАҚ-ының белсенді қатысуымен алдын ала ойластырылғанды.

Жеңіс поезы бригада жасақталған Алматы, Ақтөбе және әскерге шақырылғандарды қамтып, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Орал, Ресейдің Мәскеу, Волоколамск қалалары арқылы Ржев қаласына барып тоқтайды.

Жеңіс поезы жол бойында жергілікті тұрғындармен, ардагерлер кеңесімен, жастармен кездесулер өткізіп, өнер ұжымдарының концертін тамашалайды. Бағдар бойында Қазақстан мен Ресейдің жастарын патриоттық тәрбиеге баулитын бауырлас халықтардың арасындағы тарихи маңызы зор оқиғалар баяндалады.

Жеңіс поезын шығарып салу сәтінде сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - Алматы темір жол бөлімшесінің директоры Бауыржан Орынбасаров өткенді құрметтеу арқылы жастардың жарқын болашағы ашылатындығын айта келіп, азаматтық және әскери даңқ жолдарына сапар шегушілерге ақжол тіледі.

Жеңіс поезы Алматыға желтоқсанның 16-сына оралады.

«Қазақстан темір жолы» Баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта