Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Темір жолдың сұлтаны мен әсем қызы анықталды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ- ында «Темір жол аруы» мен «Жігіт сұлтаны»  байқаулары өткізілді. Байқау барысында республиканың темір жолындағы қызметкерлердің ішіндегі ең сүйкімді де сұлу қыз бен сымбатты жігіт сұлтаны таңдалды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған байқау осымен қатар өткізіліп жатқан ҚТЖ Республикалық жастар форумымен тұспа тұс келіп отыр.

Әрбір байқауға өңірлердегі жарыстардан оза шапқан жиырмадан астам ұлдар мен қыздар қатысты.  Олардың біразы алыс аймақтардан болса, бірқатары орталық аппарат, ұлттық компанияның еншілес кәсіпорындарынан болып табылады.

Байқауға қатысушылардың  барлығы алдын қатал іріктеуден өткізілген болатын. Көрермендердің алдына ең таңдаулылар ғана жіберілді.

Әрбір байқаудағы жеңістен үміткерлерді ҚР Парламенті депутаты, саяси және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның белгілі журналистерінен тұратын әділқазылар алқасы анықтады. Әділқазылар алқасы құрамында белгілі әнші Марат Омаров, Қазақ радиосы директорының Астанадағы орынбасары Базаргүл Үмбетова, «Хабар» агентігінің атқарушы продюсері Зейін Әліпбек, «Астана ақшамы» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Талғат Батырхан, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшылығылығының бастығы Нұолан Сыдықов болды.

Сонымен қатар көрермендердің көзайымын залда отырған қатысушылар дауыс беру арқылы  ұпай санымен белгіледі.

Шара барысында қатысушылардың спорттық шеберлігі де ән айту, өлең оқу машығы да сыналды. Онда концерттік номерлер де сатиралық қойылымдар да болды.

Елуге жуық үміткердің ішінен «Темір жол аруы» қыздар арасындағы байқау қорытындысы бойынша Атырау магистралдық желісінен Балтаева Нұргүл бірінші, Шымкент жол бөлімшесінен Гүлзада Түзелова екінші, Орал байланыс бөлімшесінен Оксана Сомик үшінші орынды иемденді.

«Жігіт сұлтаны» байқауы бойынша Ресурстық қамтамасыз ету дирекциясынан Нұржан Байсақов бірінші, Ақтөбе жол бөлімшесі поез диспетчері Бағлан Дауысбаев екінші, Астана локомотив орталығынан Мұхтар Омарханов үшінші орындарға ие болды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі, желтоқсанның 13-і 2010 жыл






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта