Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Илькявичюс Адамас Олегас

2014 жылғы ақпанда Адамас Илькявичус «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-тың Директорлар кеңесінің (бұдан әрі – ДК) мүшесі.

Әртүрлі халықаралық компанияларда басшы лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесіне ие бола отырып, Адамас ДК қызметіне маңызды көп салалы сараптамасын, сондай-ақ бизнесті жүргізудің халықаралық тәжірибесін енгізді

Адамас өз мансабын 1996 жылы Digital Equipment Corporation (DEC) компаниясында бастаған, одан ары Compaq компаниясында (DEC компаниясының мұрагері) жалғастырған. 2001 жылдан бастап 2008 жыл бойынша технологиялық рыноктардың көшбасшысы болып саналатын HP, Siemens и IBM тәрізді компанияларда басшы лауазымдарды атқарған, сондай-ақ жеке меншік, мемлекеттік және коммерциялық емес секторлардағы халықаралық ұйымдарда кеңесші ретінде жұмыс істеген.

2008 жылдан бастап 2013 жыл бойынша ENRC BTS компаниясының бас директоры лауазымын атқарған. 2013 жылғы қазанда Адамас «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бизнес-трансформация жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.

Қазіргі уақытта Адамас келесі құрылымдардың құрамына кіреді:

  •  «Қазпочта» АҚ – Директорлар кеңесінің мүшесі
  •  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - жетілдіру/трансформация жөніндегі кеңестің мүшесі
  •  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ - жетілдіру/трансформация жөніндегі кеңестің мүшесі
  •  «KEGOC» АҚ - жетілдіру/трансформация жөніндегі кеңестің мүшесі
  •  «Самұрық – Энерго» АҚ - жетілдіру/трансформация жөніндегі кеңестің мүшесі

Өнеркәсіптік және технологиялық компаниялардағы әртүрлі басшы қызметтердегі өзінің кәсіби қызметінің барысында Адамас тиімділікті және өнімділікті арттыруға бағытталған жаһандық кешенді мәселелерді шешумен айналысты. Адамас акциялар сатылымының және пайдалылығының көбеюіне, сондай-ақ компаниялардың нарықтық үлестерінің өсуіне, акционерлердің жалпы кірісінің және ақша ағынының артуына мүмкіндік жасайтын, сапалық жағынан жаңа стратегияларды әзірлеуге қатысты.

Адамастың стратегияларды әзірлеу, тиімділікті арттыру және оперативтік басқару бойынша қомақты кәсіби тәжірибесі бар.

Адамас Литваның азаматы болып табылады, - HEC, (Франция); Copenhagen Business School, (Дания); сондай-ақ Louvain School of Management, (Бельгия) тәрізді Еуропаның жетекші бизнес-мектептерінде бизнесті басқару, компьютерлік ғылымдар және визуаль коммуникациялар саласында білім алған.

Жұмыстан тыс уақытта музыкамен және спортпен - баскетболмен, тенниспен және гольфпен айналысады. Үйленген, екі ұлы бар.

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта